АШЫҚ САБАҚ ТАҚЫРЫБЫ: ӨМІР

Шымкент қаласындағы №75 мектеп-гимназиясында Шымкент қаласы Білім басқармасы Әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Өмірмен байланысқан сабақ: функционалдық сауаттылықты дамыту тәжірибесі» атты қалалық тәжірибелік семинар өтті.

Семинар барысында мұғалімдер оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған өз тәжірибелерімен бөлісіп, ашық сабақтар мен коучингтер ұйымдастырды. Әріптестер тәжірибеге негізделген әдіс-тәсілдерді көрсетіп, оларды білім беру үдерісінде тиімді қолдану жолдарын талқылады.

Семинар аясында мен де ашық сабақ өткізіп, «Жазбаша көбейту және бөлу алгоритмін қолдану. Әртүрлі мамандық иелері» тақырыбында өз тәжірибеммен бөлістім. Сабақ барысында оқушылардың математикалық білімдерін өмірмен байланыстыра отырып қолдану дағдыларын дамытуға ерекше назар аударылды.

Осындай кәсіби кездесулер педагогтерге өзара тәжірибе алмасуға, жаңа идеялар мен тиімді әдістерді меңгеруге, сондай-ақ білім беру сапасын арттыруға үлкен мүмкіндік береді.

 

Семинарға белсенді қатысып, тәжірибелерімен бөліскен барлық әріптестерге алғыс білдіремін. Мұндай мазмұнды кездесулер алдағы уақытта да жалғасын табады деген сенімдемін.

Гульвира Естебековна ШАРДАРБЕКОВА,

Бастауыш сынып мұғалімі.