САҒЫНЫШҚА ТОЛЫ ЖОЛ

Жолда келем әке жайлы ән тыңдап,

Көз жасымды орамалға жұлқылап.

Көліктегі тыныштық та ұққандай,

Ән жазуға себеп болды тыныш қап.

 

Қара түнде терең ойлар салады,

Жазуларым өзендей боп ағады.

Өзі ұғып, жырлап келеді миларым,

Тоқтаусыз шумақ келеді жазамын.

 

Міне, менің ауылым, Момышұлым.

Әкем жатқан жерінде, ыстық суым,

Ажалдары келіп жатқан адамдар,

Жерленеді мазаратқа келіп тар.

 

Өкінішті, менің әкем сол жерде,

Жете алмаймын, жыласам да егіле.

Әне, менің әкешім, құм астында,

Көрінбейді жанары жер астында.

 

Тірі кезде өгейімдей қарадым,

Анама мен жақын болып қаламын.

Әке деген нар тұлғадан айырылып,

Жақыныма алыс болып қаламын.

 

Неге, неге жаратушым жылаттың,

Әкешіме сұм ажал беріп зарлаттың,

Әлде әкем сүйген құлың болды ма?

Жарты ғасыр өмір сүріп, құлаттың…

 

Жаратушым, сен ұлысың білемін,

Мен жәй ғана өлең жазып жүдедім.

Алла берген амалға шара көріп,

Артық айтсам кешір Аллам бір өзің!

 

Қазір міне, Құран оқыр сәт келді,

Жүрек соғып, көңіл жүдеп үлгерді.

Алақанмен бет сипаған кезімде,

Сағынышым ұлғаяды жанды ойып, езіле…

 

 

Бірақ айтпас шүкірлік жан емеспін,

Айтар әркез шүкірлі жан да емеспін.

Алғысым көп, айтам бірақ бір Аллаға,

Жалғыз етпей отбасыммен ана берген.

 

Ақылыма, асыл да сана  берген,

Қолпаштайтын мені әркез бауыр берген,

Сырымды айтып, бөлісетін жан да берген,

Аналарым көп менің жеңге деген!

Шүкір айтам Аллаға тағы да мен…