Дос – адамның айнасы деген сөз бар. Мен досымды мақтан тұтамын, өйткені ол менің өмірдегі ең жақсы көретін адамдарымның бірі. Досым –менің сырласым, ақылшым, ол маған қамқорлық жасайды. Досымның бойындағы ең жақсы көретін қасиетім – оның шыдамдылығы. Ол маған кез келген сұрағыма түсінікті етіп жауап беруге тырысады, менің қателерімді түзеуге көмектеседі. Оның бұл қасиеті маған өмірде де, оқуда да көмектеседі. Досым – менің өмірдегі ең үлкен қазынам. Ол менің қасымда болып, қолдау көрсетеді. Мен досымның бұл қасиеттерін өте бағалаймын, өмір бойы алғыс айтамын.
Нұрахмет Нұрболұлы ТУРЕХАН