АДАМДАР БАҚЫТТЫ ӨМІР СҮРСЕ ДЕЙМІН

         Мен өз болашағымды жарқын әрі табысты етіп елестетемін. Арманым – үлкен жетістіктерге қол жеткізу, елге пайда әкелу, отбасыммен бақытты болу. Менің арманым – дәрігер болу. Мен адамдарға көмектесуді, олардың денсаулығын жақсартуды қалаймын. Әлемде аурулар азайып, адамдар бақытты өмір сүрсе деймін. Дәрігер болып, шетелде де, Қазақстанда да қызмет етуді армандаймын. Мен адамдарға жақсы дос, сенімді серік болғым келеді. Достарыммен бірге қызықты уақыт өткізіп қана қоймай, қиындықтарда да бірге болғым келеді. Мен өз елімнің дамуына үлес қосқым келеді. Қазақстанның әлемдегі ең дамыған елдердің бірі болғанын қалаймын. Жаңа технологиялар, инновациялар, таза табиғат – бәрі Қазақстанда болсын деймін. Отбасыммен бақытты болу – менің ең үлкен арманым. Ата-анама қамқорлық жасап, оларды бақытты ету – менің парызым.

Айым Асқарқызы АНУАРБЕК