АСЫЛ АДАМ, ОЛ – МЕНІҢ АНАМ
Анам Гүлжазира – менің өмірдегі ең қымбат адамым. Ол менің жарық жұлдызым, тірегім, қамқоршы адам. Анамның махаббаты мен мейірімі шексіз. Мен анамды бір күн көрмей қалсам сағынып қаламын. Анамның жылы дауысы мен үшін ән сияқты. Ол – менің бала әлемімнің орталығы, жүрегі. Анам – менің досым, сырымды шертер сырласым. Ол маған кеңес беріп, қиындықтан шығуға көмектеседі. Мен анам үшін кез келген қиындыққа дайынмын. Оған қарап тұрып, осылай ойлаймын. Анамның еңбекқорлығын, төзімділігін көргенде, мен де солай болуға тырысамын. Ол – менің үлгім, идеалым. Анам маған өмір сыйлады, махаббат сыйлады. Мен анамды өте қатты сүйемін! Оның бақытты болғанын қалаймын.
Адина Қанатқызы САБЫР