АНАШЫМ – ӨМІРЛІК ҰСТАЗЫМ
Анашым Әсел – аяулы жан. Менің өмірлік ұстазым, қамқоршым, досым. Ол –менің өмірдегі ең қымбат адамым, тірегім, сүйенішім. Анашым маған тек өмір сыйлап қана қоймай, дұрыс жол көрсетіп, тәрбие беріп келеді. Ол – өте мейірімді жан. Ол менің барлық қиындығымда жанымда болып, қолдау көрсетеді. Мен есейген кезде де анамның жанында болып, оның ертегілерін тыңдап, өлең оқып бергенін еске алып, қамқор боламын деп ойлаймын. Осылай ойласам болды, жүрегім жылып кетеді.
Алан РИНАТҰЛЫ