МЕНІҢ БАЛАЛЫҚ ШАҒЫМ КЕРЕМЕТ!

        Менің балалық шағым – менің өмірдегі ең жарқын, ең бақытты кезеңім. Ол – ойын, күлкі, қызық пен шексіз қуанышқа толы уақыт. Кейде өзімді үлкен сезініп балалық шағымды еске аламын. Жүрегім  жылып, көз алдыма күлімсіреп тұрған баланың бейнесі келеді. Мен достарыммен асыр салып ойнап өсіп келемін. Үйде анамның ертегілерін тыңдап, әпкеммен бірге қызықты кітаптар оқып, сурет саламыз. Жазда ата-анаммен бірге табиғатқа, өзенге бардық. Суға шомылып, құмда ойнап, жаңа піскен жемістер жеп, тамаша уақыт өткіздік. Қыста болса, достарыммен қардың  жауғанын күтеміз. Қар жауса болды аққала жасап, қармен атысамыз. Түркістанда жауған қар тез еріп кетеді, осы өкінішті. Ал, мектепте тіпті қызық.  Достарыммен сабақ оқу қызықты,  сабақтан кейін түрлі үйірмелерге қатысамыз. Ал, мұғалімдерім өте мейірімді, олар бізге тек білім беріп қана қоймай, өмірге дұрыс жол көрсетеді. Менің балалық шағым – менің өмірдегі ең керемет кезеңім. 

Саян Құрманғазыұлы СЕЙІТ