ҚАМҚОРШЫМ – ӘКЕШІМ
Менің қамқоршы әкешім бар. Есімі – Еркебұлан. Ол өте жақсы адам. Әкешім мені тазалыққа, ұқыптылыққа, киімді таза, сәнді киюге баулиды. Сонымен қатар өмірге қажетті маңызды сабақтарды да үйретеді. Ол маған өмірдің қиындықтарына төзуге, оларды жеңуге көмектеседі.
Әкешімнің ең жақсы көретін қасиеті – оның шыдамдылығы. Ол маған кез келген сұраққа жауап табуға болатынын, ол үшін көп оқу керегін айтып, білмегеніңді үйретіп, түсінбегенімді түсіндіруге тырысады. Қателерімді түзеуге көмектеседі. Ол – менің өмірдегі ұстазым, қамқоршым.
Мен Әкешіме өте ризамын және жақсы көремін. Ол – менің ең жақын адамым, қамқоршым. Әкешім маған өмірдің маңыздылығын, адамдарға жақсылық жасау керектігін үнемі айтып отырады. Ол маған өзімнің мақсаттарымды анықтауға, оларға жетудің жолдарын табу жолын нұсқайды. Мен Әкешімнің бұл сабақтарын өмір бойы есімде сақтаймын.
Мен де өскенде әкемдей боламын. Оны қамқорлығы, шыдамдылығы маған үлгі.
Арсен ЕРКЕБҰЛАНҰЛЫ