АТАМ МЕН ӘЖЕМ КЕРЕМЕТ ЖАНДАР
Қазақ халқының нақыл сөздерінің бірі - "Қарты бар үй қазыналы, берекелі үй" деген сөз. Бұл сөздің мағынасы, үйде үлкен адам, яғни қарт болса, ол үйде береке, қазына болады дегенді білдіреді. Менің атам мен әжем керемет жандар. Олар менің өмірдегі ең жақсы көретін адамдарым. Атам мен әжем маған өте жақсы көреді, қамқорлық жасайды. Олар менің өмірге деген дұрыс көзқарасымды қалыптастырып, жол көрсетіп, білімімізді қадағалап отыр.
Атамның тәжірибесі, білімі өте зор. Ол маған өмірдің қиындықтарын, қуаныштарын өзінің өмір жолымен байланыстырып айтып береді. Әжемнің шыдамдылығы, мейірімділігі өте ғажап дүние. Ол маған тамақ жасап, киімімді жуады, қасымда болып, үнемі қолдау көрсетеді.
Атам мен әжемнің батасы, дұғасы үйдің берекесін арттырады. Олар менің өмірдегі ең үлкен қазынам. Мен атам мен әжемді өте жақсы көремін, оларға өмір бойы алғыс айтамын.Қарты бар үй - қазыналы, берекелі үй. Менің атам мен әжем керемет жандар, олар менің өмірдегі ең үлкен байлығым. Мен оларға өмір бойы алғыс айтамын, олардың батасын алып, өмір сүремін.
Айша Ренатқызы АБДРАХМАН