Мен таэквондо жаттықтырушым Моминов Әлшерді мақтан тұтамын, өйткені ол менің өмірдегі үлгі тұтатын адамдарымның бірі. Ол маған таэквондо өнерін үйретіп, өмірге жол көрсетіп отыр. Жаттықтырушымның ең жақсы көретін қасиеті шыдамдылық деп айтсам болады. Өзі өте шыдамды және бізден соны талап етеді. Ол маған кез келген қиындықты жеңуге көмектеседі, менің қателерімді түзеуге тырысады. Оның бұл қасиеті маған өмірде де, спортта да көмектеседі. Жаттықтырушым маған таэквондо өнерін үйретіп қана қоймай, сонымен қатар өмірге қажетті маңызды сабақтарды да үйретеді. Ол маған өзімнің мақсаттарымды анықтауға, оларға жетудің жолдарын табуға көмектеседі. Мен жаттықтырушымды мақтан тұтамын, өйткені ол менің спортта жол нұсқаушы ұстаздарымның бірі. Ол менің қасымда болып, қолдау көрсетеді. Мен жаттықтырушымның бұл қасиеттерін өте жақсы бағалаймын, өмір бойы алғыс айтамын.
Едіге Алмазұлы ТАСҚЫНБАЙ